Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараз қаласы әкімдігі 75 млн теңгені мердігерге негізсіз аударған

Опубликовано:

Құжат
Құжат жазып отырған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі әзірленбеген 4 сметалық құжаттама үшін 75 млн теңгені мердігерге негізсіз аударғаны анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жамбыл облысы прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тараз қаласының прокуратурасы бюджет қаражатының жұмсалуы заңдылығына жүргізген тексерудің қорытындысы бойынша, Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі әзірленбеген 4 сметалық құжаттама үшін 75 млн теңгені мердігерге негізсіз аударғанын анықтады.

Аталған дерек бойынша қала прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан таражға салу) қылмыстық іс тіркеді.

Тергеп-тексеруді жүргізу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне тапсырылды.

Облыстық прокуратура өкілдері тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын, алайда ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жариялануға жатпайтынын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078681-taraz-qalasy-akimdigi-75-mln-tengeni-merdigerge-negizsiz-audargan/

pixel