Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су тасқыны: Атырау облысындағы аудандардың бірінде төтенше жағдай жарияланды

Опубликовано:

Су сорғыту жұмыстары
Су сорғыту жұмыстары. Фото: ТЖМ

4 сәуірде су тасқынына байланысты Атырау облысының Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы "ҚазАқпарат" хабарлады.

Агенттік мәліметінше, Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова қазір су тасқыны қиындық тудырып отырғанын хабарлады.

"Жылыой ауданында бүгін, 4 сәуірден бастап жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Қазір Қосшағыл ауылдық округіне қарасты Қарағай елді мекеніне су кірді.

Сол себептен, жедел штаб Қарағай елдімекенінің тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру туралы шешім қабылдады. Бірінші кезекте әйелдер, балалар, науқас жандар және I, II, III топтағы мүгедектер көшіріледі", - деп хабарлады Гүлнафис Айшуақова.

Осыған байланысты аудан орталығы – Құлсары қаласында үш қабылдау пункті ашылды. Бұл – №1, 8 және 18 орта мектеп ғимараттары.

"Қарағай елді мекенінен қабылдау пункттеріне жеткізетін автобустар жүреді. Тұрғындардан өздерімен бірге жеке бас құжатын, қажетті заттарын (шағын төсек орын т.б.) алу сұралады", - деп мәлім етті Гүлнафис Айшуақова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078735-su-tasqyny-atyrau-oblysynyn-audandarynyn-birinde-totense-zagdai-zariyalandy/

pixel