Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-ға су тасқынымен күреске көмекке барған түркістандық құтқарушы қайтыс болды

Опубликовано:

Бекжан Балданов
Бекжан Балданов. Фото: СҚО ТЖД

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласына су тасқынымен күреске көмекке келген түркістандық құтқарушы – азаматтық қорғау прапорщигі Бекжан Балданов кенеттен қайтыс болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Cолтүстік Қазақстан облысы ТЖД-ға сілтеме жасап хабарлайды.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 сәуірге қараған түні 45 жастағы Бекжан Балданов Тайынша қаласындағы аудандық аурухананың жансақтау бөліміне түскен. Алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. Өлімге миокард инфарктісі себеп болған.

Ер адам Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Сайран ауданының № 6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі болып еңбек еткен. 

Бекжан Балданов Тайынша қаласына 1 сәуірде Түркістан облысының күштері мен құралдары тобының құрамында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге көмекке келді. Сол күні кешке өзін нашар сезініп, кейін ауруханаға түскен. Петропавлдағы ауруханаға жатқызу үшін санавиациямен жеткізілмек болған. 

"Төтенше жағдайлар министрлігі, Төтенше жағдайлар департаменті және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі командирдің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына, әріптестеріне қайғырып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Марқұмның денесі туған жеріне жеткізілді. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078741-sqo-ga-su-tasqynymen-kureske-komekke-bargan-turkistandyq-qutqarusy-qaitys-boldy/

pixel