Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтын контрабандасы: ҰҚК іздеуде жүрген екі қазақстандықты Түркиядан елге жеткізді

Опубликовано:

Ұсталғандар
Түркияда ұсталғандар. Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті іздеуде жүрген екі қазақстандық азаматты Түркияда ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұстау шарасын ведомство мен Ішкі істер министрлігі Түркияның құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесе жүргізгені айтылады. Ұсталғандар 2024 жылғы 3 сәуірде Стамбұл қаласынан Алматыға этаппен жеткізілген.

"Олар аса ірі мөлшерде алтынның экономикалық контрабандасын, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және басшылық жасады деген күдікпен тергеу изоляторына қамалды", - делінген хабарда.

Алайда ведомство өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078771-altyn-kontrabandasy-uqk-izdeude-zurgen-eki-qazaqstandyqty-turkiyadan-elge-zetkizdi/

pixel