Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Елеусіз қалдық": Қарағанды облысында су басқан ауыл тұрғындары жанайқайын айтты (видео)

Опубликовано:

Қайрақты ауылының тұрғындары
Қайрақты тұрғындары. Фото: instagram.com/gulmir_ktk

Шет ауданы Қайрақты ауылының тұрғындары жиналып, су тасқынынан кейін қиын жағдайға тап болғанын айтқан. Видео әлеуметтік желіде тарады. Тұрғындардың сөзінше, тасқыннан кейін үйлері әлі кеппегендіктен қонатын жері жоқ халық абдырап жүр. Ауылдан шығар жолды да су шайып кеткен, ал отын жағуға жарамсыз боп қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бейнежазба журналист Гүлмира Әбіқайдың Instagram-дағы парақшасында пайда болды. Видео авторының сөзінше, Қайрақты ауылы судың ортасында қалса да тұрғындары әкімдіктен көмек көрмеген.

"Шет ауданында бір ауыл су тасқынынан кейін елеусіз қалды. Қайрақты ауылы. Ауылды су басып кетті. Ешқандай көмек жоқ. Кеше әкелді де тастады халықты. Үйлері су, жас балалары ауырып жатыр. Жол жоқ аудан орталығына баратын. Елдің отыны да, суы да ағып кетті. Бұған әкімдіктен ешқандай көмек болып жатқан жоқ. Халықтың жағдайын сұрамайды. Халық не істерін білмей абдырап жүр. Қонатын жері жоқ. Баратын үйі жоқ", - дейді кадрдағы ер адам.

Бұған қатысты Шет ауданы әкімдігіндегілер түсініктеме берді. Әкімдіктің ресми өкілінің айтуынша, Қайрақты ауылындағы жағдай дәл видеодағыдай емес.

"Су басудан бұрын халыққа ескертілді, бір күн бұрын тұрғындар эвакуацияланды. Одан кейін су кепкеннен кейін барлығы қайтадан үйіне орналастырылды. Кейін гуманитарлық көмек әкелінді. Қалған суды мотопомпалармен шығару жұмысы жүргізілді", - дейді әкімдік өкілі.

Аудандық әкімдік қызметкері Қайрақты ауылына қазіргі таңда таудың етегімен жол жасау басталғанын хабардар етті. Алайда жол құрылысы қашан бітетіні белгісіз.

Осы тұста аудан әкімінің сенімді өкілі ретінде, бағалау мамандары су басқан ауылдағы үйлердің жиһаздың шығынын өтеу масқатында осы ауылда жұмыс жүргізіп жатыр. Вахталық автобус көлігі осы ауылда. Аудан орталығына, дүкенге баратын адамдарды осы көлікпен күніне екі мәрте апарып, алып келіп отыр" - деді Шет ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078801-eleusiz-qaldyq-qaragandy-oblysynda-su-basqan-auyl-turgyndary-zanaiqaiyn-aitty-video/

pixel