jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қарт әжені үйінен көтеріп шыққан: төтеншеліктер СҚО-ның су басқан аумақтарынан тұрғындарды қалай эвакуациялап жатыр

Құтқарушылар су басқан үйден қарт әжені көтеріп шығып барады
Қарт әжені су басқан үйден көтеріп шығарып жатқан құтқарушылар. Видеодан кадр: ҚР ТЖМ

Солтүстік Қазақстан облысында су басқан Красная поляна ауылының тұрғындары эвакуациялануда. Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылар адамдар мен жануарларды судан қалай құтқарып жатқанын көрсетті, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Құтқарушылар эвакуация кезінде түсірілген видеоны жариялады. Видеодан Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерінің арнайы костюммен көшеде белуардан су кешіп жүргенін көруге болады. Кей тұстарда су деңгейі құтқарушылардың белінен келетінін байқаймыз.

Бейнежазбада балдақпен жүретін қарт әже де көрсетілген. Үйдің еденін су басқан, ал құтқарушылар зейнеткерді көтеріп шығып, автокөлікке дейін қайықпен апарған.

"Тайынша ауданы Красная поляна ауылының аумағында СҚО ТЖД тобы адамдар мен ауыл шаруашылығы жануарларын эвакуациялауда", - делінген хабарламада.

Қарт әжені үйінен көтеріп шыққан: төтеншеліктер СҚО-ның су басқан аумақтарынан тұрғындарды қалай эвакуациялап жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.