Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысының әкімі Байхановтың атынан қарамағындағыларға әлдекім хабарлама жіберген

Опубликовано:

Асайын Байханов
Асайын Байханов. Фото: instagram.com/pavlodar_region

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қарамағындағыларға оның атынан белгісіз біреулер хат жазғанын айтып, сақ болуға шақырды. Бұл жөнінде әкімнің әлеуметтік желідегі ресми парақшасына сілтеме жасаған деп KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Өңір басшысы жергілікті тұрғындарды телефон арқылы хат алмасқан кезде және қоңырауларға жауап бергенде сақтық танытып, абай болуға шақырды.

"Соңғы күндері менің және бірнеше мемлекеттік органдардың басшыларының атынан әлеуметтік желілерде парақшалар ашылып, солардан менің қарамағымдағы бірқатар қызметкерге және басқа да адамдарға хабарламалар жіберілген", - делінген жазбада.

Облыс әкімі Instagram, Facebook желісінде және Telegram-да үш ресми аккаунты бар екенін еске салып өтті.

"Мен WhatsApp және Telegram мессенджерлеріндегі барлық хабарламаларды өз нөміріммен, оны жасырмай жіберемін. Сондықтан егер сіз менің атымнан менің фотосуретім бар нөмірден қоңырау немесе хабарлама алсаңыз, алайда, нөмір жасырылған болса, онда бұл алаяқтар. Сіздерден сақ болуды сұраймын", - деп ескертті Павлодар облысының әкімі.

Бұған қоса әкім өз атынан біреу жіберген жазбалардың бірінің скриншотын жариялауды жөн көрген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078936-pavlodar-oblysynyn-akimi-baixanovtyn-atynan-qaramagyndagylarga-aldekim-xabarlama-zibergen/

pixel