Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Қазақстандағы бір ауданда жергілікті масштабтағы төтенше жағдай жарияланды

Опубликовано:

Су тасқыны
Су тасқынына қарсы күрес. Көрнекі фото: ТЖМ ресми сайты

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы аумағында жергілікті масштабтағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Тиісті құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланған.

"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы аумағында жергілікті масштабтағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын", - делінген құжатта.

Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға басшысы болып Тайынша ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дюсембин тағайындалған. Оған осы шешім негізінде тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылған.

Құжат алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

"2024 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады", - делінген ақпаратта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078996-soltustik-qazaqstandagy-bir-audanda-zergilikti-masstabtagy-totense-zagdai-zariyalandy/

pixel