Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шектеу алып тасталды": Оқу-ағарту министрлігі баланы жаңа мектепке ауыстыруға қатысты жаңа ережені жариялады

Жарияланған күні:

сынып
Сабақ жүріп жатқан сынып. Фото: KAZ.NUR.KZ

Қазақстанда енді балаларды мектептен мектепке бұрынғыдай каникул кезінде ғана емес, оқу жылында да ауыстыруға болады. Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі ата-аналарға бірінші сыныпқа құжат қабылдау 2024 жылғы 1 сәуірден 31 тамызға дейін жүргізілетінін ескертті.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, ата-аналар балаларының құжатын электрондық үкіметтің egov.kz веб-порталы арқылы тапсыра алады. Ал лицейлер мен гимназияларға балалар емтихансыз қабылданады.

"Сонымен қатар мектептен мектепке тек каникул кезінде ғана ауысуға рұқсат етілетін шектеу алып тасталды. Енді жаңа ережелерге сәйкес, балалар оқу жылында тұрғылықты жері бойынша мектеп ауыстыру мүмкіндігіне ие болды", - делінген министрліктің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.

Айта кетейік, бұған қоса Оқу-ағарту министрлігі жуырда биылғы оқу жылы қашан аяқталатынын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2079011-sekteu-alyp-tastaldy-oqu-agartu-ministrligi-balany-zana-mektepke-auystyruga-qatysty-zana-erezeni-zariyalady/