jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Биыл елімізде оқу жылы қашан аяқталады

Пандемия кезіндегі соңғы қоңырау
Соңғы қоңырау. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстан мектептерінде төртінші тоқсан басталды. Осы ретте Оқу-ағарту министрлігі өкілдері оқу жылы қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның Telegram-дағы мәліметінше, елімізде мектептерде төртінші тоқсан 1 сәуірден 25 мамырға дейін жалғасады. Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды.

Сонымен бірге 25 мамырда қорытынды шығарылып, оқу жылы аяқталады.

Айта кетейік, бүгін елімізде бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталды. Құжаттарды қабылдау тамыздың 31-іне дейін жалғасады.

Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата - анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.

Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3х4 фотосуреті болу керек. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

Биыл елімізде оқу жылы қашан аяқталады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.