Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды

Опубликовано:

Еріген қар суы. Көрнекі сурет
Еріген қар суы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бүгін, 4 сәуірде Петропавлда тұрғын үйлерді су басуына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Бұл туралы қала әкімдігі ресми сайтында хабарлады.

Әкімдіктің хабарлауынша, 26 наурыздан бастап қала аумағында қар еруі салдарынан жеке секторларды су басты. Сондай-ақ кәріз коллекторлары мен суағарларға түсетін жүктеменің артуына байланысты Абай көшесі бойындағы коллектор істен шыққан.

Соның салдарынан тұрғындардың қалыпты тыныс-тіршілігі бұзылып, бірнеше тұрғын үй су астында қалған.

"Авариялық жағдайды жою және қоршаған ортамен тұрғындарға келтірілген шығынды минимизациялау мақсатында қала әкімінің шешімімен 2024 жылғы 4 сәуірден бастап Петропавл қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланады", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2079113-petropavlda-zergilikti-auqymdagy-totense-zagdai-rezimi-zariyalandy/

pixel