Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"20 грамм нан берген": ШҚО мектептерінде балаларды жеткіліксіз тамақтандырған

Опубликовано:

Асхана
Асхана. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шығыс Қазақстан облысындағы мектеп асханаларында мемлекет есебінен тамақтанатын балалар төмендетілген нормамен тамақтандырылған. Бұл туралы облыстық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қадағалау органының ақпаратынша, аз қамтылған отбасынан шыққан 9501 баланың, сондай-ақ 11 бизнес субъектісінің құқығы қорғалған.

"Мектеп асханаларында халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын және мемлекет есебінен тамақтанатын оқушылардың тамақтану нормалары (11-18 жас аралығындағы оқушылар 7-10 жастағы балалардың нормаларымен тамақтандырылған) заңсыз төмендетілгені анықталды", - деп анықтады талдау барысында ШҚО прокуратурасы.

Қадағалау органының түсіндіруінше, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын балалар – әлеуметтік көмек алатын, жетім, толық емес отбасылардан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және т.б. балалар.

"Мысалы, 11-14 жас аралығындағы оқушыға арналған нанның нормасы күніне 35 грамм, ал 15-18 жас аралығында-күніне 40 грамм болуы тиіс, іс жүзінде балаларға нормадан 2 есе аз, яғни, күніне 20 грамм (6-10 жас нормасымен) нан берілген", - деді прокуратурадан.

Сонымен қатар мектеп асханаларында тамақтандыру бойынша қызмет көрсететін 11 кәсіпкерден төлем кезінде қосылған құн салығын заңсыз алып отырған (620 теңгенің орнына 1 оқушы/күн, яғни ҚҚС есебімен 553 теңгеден төленген).

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша ШҚО білім басқармасының 7 лауазымды тұлғасы, оның ішінде, басшының орынбасары (осы бағытқа жетекшілік ететін) қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Білім басқармасы өңірдің 9 501 оқушысына тамақтану нормаларын ұлғайтып, 11 кәсіпкерге заңсыз ұсталған сомасын өтеу үшін қайта есептеу жүргізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2079134-20-gramm-nan-bergen-sqo-mektepterinde-balalardy-zetkiliksiz-tamaqtandyrgan/

pixel