jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Астанада көпірді жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір автобустар бағытын өзгертеді

Астана автобусы
Астана автобусы: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Астана тұрғындары мен елорда қонақтарына кейбір автобус бағыттарының қозғалыс схемасының өзгеретіні туралы ескертілді. Бұл жөндеу жұмыстарына байланысты деп хабарлайды CTS арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Компания Қонаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінің қайта жөндеу жұмыстарына байланысты 5 сәуірден бастап Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі аумақта көлік қозғалысы тоқтатылатынын еске салды.

Осыған байланысты № 10, 12, 29, 29А, 35 бағдарлардың сызбасы уақытша өзгереді, деп ескертті CTS-те.

Қала тұрғындарына сапарларын алдын ала жоспарлау керектігі айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елорда әкімдігі Астанада "Астана Опера" театрының жанындағы Қонаев көшесі арқылы өтетін көпірді қайта жөндеу жұмыстары басталып, өткелдің жартылай жабылатынын хабарлаған болатын.

Астанада көпірді жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір автобустар бағытын өзгертеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.