Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

“Бір рет қол көтерген адам өзгермейді”: Балаева Бишімбаев ісі туралы пікір білдіріп, әйелдерге үндеу жасады

Опубликовано:

Министр Аида Балаева
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева. Фото: facebook парақшасынан алынды

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Бишімбаевтың ісіне қатысты мәдениет және ақпарат министрі пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Время газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министр Аида Балаева Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы ретінде "Бишімбаев ісіне" қатысты пікірін айтты.

"Мен, төраға ретінде және Ұлттық комиссияның барлық мүшесі осы сот процесін жіті бақылап отырамыз. Соттың әділ шешім шығаратынына сенімдімін. Мемлекет басшысы айтып отырған заңдылық пен тәртіп қамтамасыз етіледі.

Мен әйел ретінде де, ана ретінде де Салтанаттың жақындарының, анасының қайғысына ортақпын. Оны ұрып-соққан сұмдық видеоны көру өте ауыр.

Қазақстандықтар үшін Салтанат тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің символына айналды. Ашық сот және оның ашықтығы әлеуетті қылмыскерлерді зорлық-зомбылықтан тыйып, көптеген адамның өмірін сақтап қалады деп сенемін", - деп жауап берді министр Аида Балаева.

Сондай-ақ министр барша қыз-келіншектер қауымына үндеу жасады.

"Сізге бір кездері қол көтерген адам өзгереді деп ойламаңыздар. Өзгермейді! Егер ол әйелді ұрып-соғуға және оны қорлауға дәті барса, оның моральдық ұстанымдары және адамгершілігі жоқ деген сөз".

Аида Балаеваның айтуынша, шыдаудың қажеті жоқ және ажырасу – ұят емес.

Дереккөз: "Время" қоғамдық-саяси газеті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2079197-bir-ret-qol-kotergen-adam-ozgermeidi-balaeva-bisimbaev-isi-turaly-pikir-bildirip-aielderge-undeu-zasady/

pixel