jitsu gif
Оқыс оқиға

    Қорғаста тыйым салынған мекемелер мен жезөкшелер притоны анықталды (видео)

    Арнайы операция
    Арнайы операция. Видеодан кадр: t.me/afm_rk

    Жетісу облысында "Қорғас" ШЫХО аумағында Қазақстан жағындағы 6 заңсыз астыртын ойын бизнесі мен бір жезөкшелікпен айналысатын притонның қызметі жойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомство мәліметінше, 6 заңсыз ойын бизнесін және бір жезөкшелер притонын ҚХР азаматтары ұйымдастырған. Аталған орындарды ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен, Ұлттық қауіпсіздік департаментімен, облыстық полициямен және шекара қызметімен бірлесе отырып жойды.

    "Анықталғандай, астыртын ойын мекемелері түнгі уақытта шектеулі адамдар үшін, атап айтқанда Қытай азаматтары үшін ғана жұмыс істеді. Тінту нәтижесінде 4 коммерциялық ғимаратта 76 ойын автоматы, 43 ойын үстелі, құмар ойындарын ұйымдастыруға қажетті көптеген техникалық құрал-жабдықтар, сондай-ақ 60 мың юаньнан астам ақшалай қаражат табылып тәркіленді", - деп хабарлады Қаржылық мониторингі агенттігі.

    Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

    Ведомство өкілдері ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер таратылуға жатпайтынын айтты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.