Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы Астанада ұсталды

Опубликовано:

Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Өзбекстанның 45 жастағы азаматы ұсталды. Ер адам халықаралық іздеуде болған, деп хабарлайды астаналық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Елордалық полиция департаментінің Instagram желісіндегі ақпараты бойынша, қылмыскерді іздестіру бастамашысы Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы, Алмазар ауданы ІІБ ҚҮБ.

45 жастағы ер адам алаяқтық үшін іздеуде болған. Оның бұрын ұрлық пен тонау үшін сотталғаны анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында елордалық полиция қызметкерлері қала аумағында мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады.

Қазіргі уақытта ер адам Астана қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Экстрадициялау мәселесі шешілуде.

Айта кетейік, ақпан айында Өскеменде алаяқтық пен ұрлық жасады деген күдікпен іздеуде жүрген Тәжікстан азаматы ұсталды.

Жақында Алматы облысында полицейлер Өзбекстанда іздеуде жүрген ер адамды тапты. Ол конституциялық құрылысқа қол сұғушылық және шекараны заңсыз кесіп өту үшін жаза қарастыратын қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеуге жарияланғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2079437-izdeude-zurgen-ozbekstan-azamaty-astanada-ustaldy/

pixel