Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында Ворошилов су қоймасы бөгетінің бұзылу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді

Опубликовано:

Алматы облысындағы су қоймасы бөгеті
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/almobl_akimat

30 наурызда Алматы облысында Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылды. Алматы облысының прокурорлары СДТБТ-ға Ворошилов су қоймасы бөгетінің бұзылуы фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратурға сілтеме жасап хабарлайды.

Жармұханбет өзенінің арнасы бойындағы екі көлдің тостағандары толтырылды және соның салдарынан 12 мыңнан астам адам тұратын екі елді мекенге су басу қаупі төнді, олардың бір бөлігі шұғыл эвакуацияланды.

Ашылған штаб пен уәкілетті органдар мен еріктілердің күштері қайғылы салдардың алдын алды.

"10.05.2017 жылы Алматы облысының Қаржы басқармасымен сенімгерлеік басқару шарты негізінде су қоймасы "Л. Петрова" ЖК-не берілді, соңғы баланс ұстаушы Алматы облысының Ауылшаруашылығы басқармасының "Ілеиррегация" СШ МКК.

Алматы облысының прокуратурасы жүргізген талдау қорытындысы бойынша Қылмыстық кодекстің 371-бабы (Немқұрайлылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды, оны тергеу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментіне тапсырылды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2079608-almaty-oblysynda-vorosilov-su-qoimasy-bogetinin-buzylu-faktisi-boiynsa-qylmystyq-is-tirkeldi/

pixel