Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда кішкентай қызға тиісті деген күдікпен ер адам ұсталды

Опубликовано:

Ойыншық
Ойыншық. Көрнекі фото: piqsels.com

Алматы полицейлері кішкентай қызға тиісті деген күдікпен ер адамды ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желіде ер адам орындыққа отырып, қызбен сөйлесіп тұрған видеосы пайда болды. Автор оқиға Алматыда Клочков көшесінде түсірілгенін айтты. Автордың айтуынша, ер адам кішкентай қыздың көзінше мастурбация жасаған.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.

"Кәмелетке толмаған баланы азғыру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда", - деп хабарлады полиция департаменті өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2079764-almatyda-kiskentai-qyzga-tiisti-degen-kudikpen-er-adam-ustaldy/

pixel