jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға біржолғы төлем беріледі

Ақтөбе облысындағы су тасқыны
Ақтөбе облысындағы су тасқыны. Видеодан кадр: 24.kz

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар біржолғы төлем ала алады. Бұл үшін төтенше жағдайлар қызметінен анықтама алып, жұмыспен қамту орталықтарына өтініш қалдыру қажет, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Телеарна мәліметінше, берілетін қаражат көлемі өңір орталығы мен Әйтеке би ауданында тұратындар үшін 300 мың теңге, басқа аудан азаматтары үшін 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде болады. Қолдау түрі бұған дейін мәслихаттарда қаралып, бекітілген.

Мамандардың айтуынша, біржолғы төлемді су тасқынынан келген шығынға қарастырылған өтемақымен шатастыруға болмайды.

"Бұл қаражатты алу үшін топан суға тап болған отбасылар, штабтың комиссиясы барып үйлердің жағдайын қарап, өздерінің қортындыларын шығарып, содан кейін сол қортынды негізінде жергілікті төтенше жағдайлар басқармасынан анықтамасын алып жұмыспен қамту орталықтарына барып өздерінің өтініштерін қалдыруға құқылы. Құжаттарды 8 күн ішінде қарап, 3 күн ішінде төлемін төлеп беретін болады", - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлназ Сисенова.

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға біржолғы төлем беріледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.