«Ғылыми зерттеулер – егде адамдар ғана айналысатын шаруа емес»: Астанада IEEE бірінші студенттік ғылыми конференциясы өтті
Жарияланған күні:
Астанада Astana IT University оқу орнының 5 жылдығына және академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай 2024 IEEE 1stInternational Student Conference: «Digital Generation» атты алғашқы студенттік ғылыми конференция өтті.
Конференцияға Қазақстан, Малайзия, Германия, АҚШ, Үндістан және Украинадан 327 қатысушы атсалысты. Аталмыш іс-шараны «NNEF» қоғамдық қоры мен Astana IT University бірлесіп ұйымдастырған болатын.
AITU ғылым және инновация жөніндегі проректоры профессор Андрей Белощицкий бұл конференция жас ұрпақты ғылыми зерттеулерге тартуға бағытталғанын айтты.
«Ғылыми зерттеулер – тек егде адамдар ғана айналысатын шаруа емес. Жастар да ғылыммен айналысып, жақсы нәтижелер көрсетуде. Ал IT саласында көбінесе жас ғалымдар лайықты нәтижелерге жетіп жүр. Біз студенттерге қолдан келмейтін және шешілуі мүмкін емес мәселенің жоқ екенін көрсеткіміз келеді. Көптеген студенттер өздерін, өз деңгейлерін бағалай білмейді. Ал іс жүзінде олардың әлеуеті өте жоғары», – деді профессор Белощицкий.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, конференцияға қатысқан студенттердің жұмыстары Scopus ғылыми деректер базасында жарияланады.
«Scopus – бұл халықаралық деректер базасы, оны бүкіл әлем бойынша ғалымдар мойындайды, онда түрлі зерттеулер оқылады, жоғары оқу орындарының, нақты ғалымдардың ғылыми ортада кеңінен танылуына мүмкіндігі бар, мұнда белгілі бір ғалымдардың нақты зерттеулері арқылы
рейтингтер қалыптастырыладығ бұл деген олардың танымал болуына зор ықпал етеді», – деп жалғастырды өз сөзін профессор Белощицкий.
Анықтама: Scopus – 2004 жылы Elsevier академиялық баспасы құрған рецензияланатын ғылыми әдебиеттердің бірыңғай библиографиялық және рефераттық дерекқоры.
Конференцияға қатысушылар жасаған баяндамаларының тақырыптары негізінен жасанды интеллект, нейрожелі, machine learning, сондай-ақ медиа индустрия мен білім берудегі ақпараттық технологиялар сияқты мультимодальды пәндерді дамытуға бағытталған. Конференция жұмысы
AITU - да бар IT-қызметтің барлық түрлерін қамтитын 12 секцияға бөлінген. Мысалы, 3-курс студенті Асар Майданов киберқауіпсіздік пен экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін газ тасымалдауды басқарудың автоматтандырылған жүйесін жаңғыртуға бағытталған ғылыми жоба дайындады. Оның айтуынша, бұл елдің газ секторына үлкен жаңалық енгізеді.
«Қазір Қазақстан Республикасында 30-дан астам газ компрессоры бар. Олардың кейбіреулері «Индустрия 4.0», яғни жаңа өнеркәсіптік революцияны жаңартуды және енгізуді қажет ететін ескі технологиялармен жұмыс істейді», – дейді AITU студенті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2079800-gylymi-zertteuler-egde-adamdar-gana-ainalysatyn-sarua-emes-astanada-ieee-birinsi-studenttik-gylymi-konferenciyasy-otti/