Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қолдау көрсетіп, көмектесеміз": Атырау облысының әкімі тұрғындарға үндеу жасады

Опубликовано:

Серік Шәпкенов
Серік Шәпкенов. Видеодан кадр: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы су тасқынына байланысты тұрғындарға үндеу жасады. Әкім осындай қиын кезде көмектескен әр азаматқа алғыс білдірді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов бірнеше күннен бері тасқын судың алдын алу жұмыстарына атсалысқан тұрғындарға алғысын білдірді.

"Атырау облысындағы су тасқыны бойынша жағдай өте күрделі. Облысымызда 5 өзен бар. Екеуі Ақтөбе облысынан бастау алады. Сағыз және Ойыл өзендері бойынша қауіп сейілді. Ал Жем өзені арнасынан тасып, Құлсары қаласына бет алды. Қаладағы екі мөлтек ауданға су кірді. Салдрынан жүзге жуық тұрғын үйді су басты.

Тұрғындарға айтарым, зардап шеккендердің шығыны өтеледі. Әрқашан бақылауда болады. Менің тапсырмам бойынша Жылыой ауданы әкімдігімен арнайы комиссия құрылды. Арнайы комиссия қорытындысын шығарады", - деді Серік Шәпкенов.

Өңір басшысының сөзінше, жағдай тұрақталған соң арнайы комиссия құрылады. Әкім келтірілген залалды есептеліп, материалдық шығындарды төленетінін айтты.

"Өңір тұрғындарына, әсіресе Жылыой тұрғындарына, Құлсары белсенділеріне, әскери адамдарға еріктілерге, арнайы алғысымды білдіргім келеді. 4 күн ішінде бірлесе отырып, ұйықтамастан, бірге жұмыс атқарды.

Қауіп әлі де бар. Зардап шеккен тұрғындарды жалғыз қалдырмаймыз. Қолдау көрсетіп көмектесеміз", - деді облыс әкімі Серік Шәпкенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2079812-qoldau-korsetip-komektesemiz-atyrau-oblysynyn-akimi-turgyndarga-undeu-zasady/

pixel