Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2500 үйді су басып, адамдар пойызбен эвакуацияланды: Құлсары қаласындағы қазіргі жағдай қалай (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Құлсары қаласындағы су тасқыны
Құлсары қаласындағы су тасқыны. Фото: instagram.com/atyrau_tjd

Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысын Құлсары қаласындағы қазіргі жағдай бойынша мәлімет берді. Жем өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты қаланы су басқан, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Сағат 22.45-тегі жағдай бойынша алдын ала ақпаратқа сәйкес 2500-ге жуық жеке тұрғын үй мен әкімшілік ғимаратты су басты.

ЖАО, ТЖД, ПД, ҚМ, Ұлттық ұлан күштері халықты эвакуациялауды жалғастыруда. Осы сағатта 4 мыңнан астам адам , оның ішінде 1 мыңнан астам бала эвакуацияланды", - делінген ТЖМ хабарламасында.

ТЖМ бүған дейінгі берген ақпаратында халықты Құлсары қаласынан Атырау қаласына жолаушылар пойыздарымен эвакуациялау жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Құлсары қаласында халықты қабылдайтын 7 пункт дайындалды. Қазіргі уақытта 2 мыңнан астам адам, оның ішінде 400-ден астам бала орналастырылды.

Жем өзенінің атырауында су ағынын өткізу қабілетін арттыру үшін мұз жару  жұмыстары, сондай-ақ жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде. Құлсары қаласында 45452 қапшық, 174 000 тонна инертті материал төселген.

"Халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде, 4 мыңға жуық волонтер, оның ішінде Маңғыстау облысының Бейнеу ауылынан 100 адам тартылды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖД, ЖАО, ПД 347 адам, 148 бірлік техника, 3 жүзу құралы, әскери қызметшілер, 4640 адам волонтер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар Атырау қаласынан қосымша күштер мен құралдар тартылды.

Жем өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Жылыой ауданының "Доссор-Құлсары-Ақта"» республикалық маңызы бар автожолының 103-104 км су жүрді. Доссор кенті – Құлсары қаласының учаскелері автокөліктің барлық түрі үшін жабық. Кезекшілік ұйымдастырылып, ескерту белгілері орнатылды.

Жылыой ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2079848-2500-uidi-su-basyp-adamdar-poiyzben-evakuaciyalandy-qulsary-qalasyndagy-qazirgi-zagdai-qalai-video/