2500 үйді су басып, адамдар пойызбен эвакуацияланды: Құлсары қаласындағы қазіргі жағдай қалай (видео)
Жарияланған күні:
Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысын Құлсары қаласындағы қазіргі жағдай бойынша мәлімет берді. Жем өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты қаланы су басқан, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Сағат 22.45-тегі жағдай бойынша алдын ала ақпаратқа сәйкес 2500-ге жуық жеке тұрғын үй мен әкімшілік ғимаратты су басты.
ЖАО, ТЖД, ПД, ҚМ, Ұлттық ұлан күштері халықты эвакуациялауды жалғастыруда. Осы сағатта 4 мыңнан астам адам , оның ішінде 1 мыңнан астам бала эвакуацияланды", - делінген ТЖМ хабарламасында.
ТЖМ бүған дейінгі берген ақпаратында халықты Құлсары қаласынан Атырау қаласына жолаушылар пойыздарымен эвакуациялау жүргізіліп жатқанын мәлім етті.
Құлсары қаласында халықты қабылдайтын 7 пункт дайындалды. Қазіргі уақытта 2 мыңнан астам адам, оның ішінде 400-ден астам бала орналастырылды.
Жем өзенінің атырауында су ағынын өткізу қабілетін арттыру үшін мұз жару жұмыстары, сондай-ақ жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде. Құлсары қаласында 45452 қапшық, 174 000 тонна инертті материал төселген.
"Халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде, 4 мыңға жуық волонтер, оның ішінде Маңғыстау облысының Бейнеу ауылынан 100 адам тартылды.
Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖД, ЖАО, ПД 347 адам, 148 бірлік техника, 3 жүзу құралы, әскери қызметшілер, 4640 адам волонтер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Атырау қаласынан қосымша күштер мен құралдар тартылды.
Жем өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Жылыой ауданының "Доссор-Құлсары-Ақта"» республикалық маңызы бар автожолының 103-104 км су жүрді. Доссор кенті – Құлсары қаласының учаскелері автокөліктің барлық түрі үшін жабық. Кезекшілік ұйымдастырылып, ескерту белгілері орнатылды.
Жылыой ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2079848-2500-uidi-su-basyp-adamdar-poiyzben-evakuaciyalandy-qulsary-qalasyndagy-qazirgi-zagdai-qalai-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.