Қазақстандағы бес облыста 10 жол учаскесін су шайып жатыр
Жарияланған күні:
Қазақстандағы бес облыста 10 жол учаскесін су шайып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазавтожол" ҰҚ" АҚ Telegram-дағы арнасының ақпаратына сілтеме жасап хабарлайды.
"2024 жылғы 7 сәуірдегі сағат 06:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 5 облыста (Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 10 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3910 метр болатын су тасқыны болды", - делінген хабарда.
Сондай-ақ 7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 17 автомобиль жолында (ұзындығы 801 км) қозғалысқа шектеу қойылған.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 297 техника мен 385 адам жұмылдырылған.
Кеше, 6 сәуірде сағат 23:12-де Қостанай облысында Тобыл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Р-38 "Қостанай-Жақсы-Қарабұтақ-Қостанай" тасжолының 4 шақырымында жол бөлігін су алған. Тасқын ауданы 300 метр, ал биіктігі 40 см болған.
"Облыстық филиал мамандары тәулік бойы кезекшілікті ұйымдастырып, қажетті ескерту жол белгілері, сигналды тіректер мен ілмектер орнатты. Сондай-ақ, жол жиектерін инертті материалдармен және құм салынған қаптармен күшейту жұмыстары атқарылып жатыр", - делінген хабарда.
Сағат 20:30-дан бері осы учаскеде көлік құралының барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2080196-qazaqstandagy-bes-oblysta-10-zol-ucaskesin-su-saiyp-zatyr/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.