Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда су тасқынынан 72 мыңнан аса адам эвакуацияланды

Опубликовано:

Су тасқынына қарсы шаралар
Су тасқынына қарсы шаралар. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қазақстанда су тасқыны басталғалы бері 72 029 адам, оның ішінде 16 078 балалар қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Уақытша орналасу пунктеріне 14 368 адам, оның ішінде 7 255 бала орналасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдайлар, Қорғаныс мининистрлігі және Ұлттық ұланның 7 әуе кемелері құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

"7,5 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 952 мыңнан астам қапшық және 976 мыңнан астам тонна инертті материал төселді. Авариялық-құтқару жұмыстарында 12 445 адам, 1300-ге жуық техника, 7 әуе кемелері жұмылдырылды", - делінген хабарда.

Сондай-ақ, осы сағатта Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында 3686 жеке тұрғын үй, 557 аула аумағы және 1822 саяжай үйлері су астында қалып отырғаны айтылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2080262-qazaqstanda-su-tasqynynan-72-mynnan-asa-adam-evakuaciyalandy/

pixel