Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы үш күнде еліміздің қай өңірлерінде жаңбыр жауатыны белгілі болды

Жарияланған күні:

Қолына кісен салынған әйел
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы 9-11 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Болжам бойынша, ел аумағының басым бөлігі әлі де атмосфералық фронталды бөлімдердің ықпалында болады, осыған байланысты түнде жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде), күндіз жаңбыр жауады деп болжанады.

9 сәуірде еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, 9-11 сәуірде шығыста, 11 сәуірде орталығында қатты жауын-шашын күтіледі, сондай-ақ жел күшейеді, оңтүстік аймақтарда найзағай, бұршақ және қатты жел болжанады.

Күндіз республиканың солтүстігінде ауа температурасы 0-8ºC жылы, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта 5-15ºC жылы, батыста және оңтүстікте 15-23ºC жылы болады.

Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2080748-aldagy-us-kunde-elimizdin-qai-onirlerinde-zanbyr-zauatyny-belgili-boldy/