Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ қазіргі жағдайды баяндады

Жарияланған күні:

Су тасқыны
Су тасқыны. Көрнекі фото: t.me/qr_tjm

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында 3 745 жеке тұрғын үй, 421 аула аумағы су астында қалып отыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка ауылының маңындағы Бабық-Бұрлық өзенінде, Қостанай облысы Қарасу ауданы Карамырза ауылының маңындағы Тімтуір өзенінде жарылыс жұмыстары жүргізілді.

"Аэровизуалды тексеру және дрондарды пайдалану арқылы өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг, сондай-ақ кейбір өңірлерде өзендерде мұз жару жұмыстары жүргізілуде.

Су тасқыны салдарын жою, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шаралар мен авариялық-құтқару жұмыстары, еріген қар суын бұру, инертті материалдар салынған қаптар төсеу, каналдарды, арық жүйелерін жағаларын нығайту жұмыстары, құлақтандыру және адамдарды қауіпсіз жерлерге эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Зардап шеккен өңірлерге 126 535 кг гуманитарлық көмек жеткізілді", - делінген хабарламада.

Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында 3 745 жеке тұрғын үй, 421 аула аумағы су астында қалуда. Бірлескен күштер 7,7 миллионнан астам текше метр еріген қар суын сорған, 993 мың қапшық және 982 мың тонна инертті материал төселген. 1 739 тұрғын үй мен 1 743 аула аумағынан су бұрылған.

"Су тасқыны басталғалы бері шамамен 76 мыңға жуық адам, оның ішінде 18 мыңнан астам бала құтқарылды. Тартылған әуе кемелерімен 2 811 адам, оның ішінде 865 бала құтқарылды. Уақытша орналасу пунктеріне 7 203 адам, оның ішінде 2 794 бала орналастырылды. 69 мыңнан астам ауыл шаруашылық жануар қауіпсіздік жерге айдалды. "Жедел желі" телефонына 1052 қоңырау түсті, психологтар зарджар шеккен адамдарға писхологиялық көмек көрсетуде

Су жүрген 146 автожол, су шайған 105 автожол, оның ішінде 4 көпір және 101 жол төсемі бақылауда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 65 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды", - делінген ведомство хабарламасында.

Атырау облысында Жем өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Жылыой ауданының Жадырасын, Аэропорт, Вахтовый, №2,3,5 шағын аудандары, Кұлсары қаласында алдын ала мәліметке сәйкес 2810 жеке тұрғын үй мен 5 әлеуметтік нысанды су басты. 28 551 адам, оның ішінде 6 7191 бала эвакуациялау пункттеріне эвакуацияланды, электр жарығы өшірілді.

Еріген қар суы ағынының ұлғаюына және Есіл өзенінің арнасынан шығуына байланысты Ақмола облысы Жарқайың ауданы Пригородное ауылының Державинск, Есіл қалаларында 34 жеке тұрғын үй су астында қалды. 103 адам эвакуацияланды, оның ішінде 17 бала туыстарына орналастырылды. Қалған тұрғындар туыстары бойынша өздері эвакуацияланды. Тартылған күштер мен құралдармен жол төсемін ашу бойынша жұмыстар жүргізілді, Есіл өзеніне су бұру жалғасуда, үйіндіні нығайту, қапшықтарды төсеу және еріген суды айдау жұмыстары жүргізілуде. ЖАО күшімен кезекшілік ұйымдастырылды.

Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысы Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимское ауылында, Шал ақын ауданы Коноваловка және Қаратал ауылдарында, Есіл ауданының Бірлік ауылында су басу қауіп туындап, 10 жеке тұрғын үйді су басты. Алдын ала 70 адам эвакуацияланды, оның ішінде 31 бала туыстары мен эвакуациялау пункттеріне орналастырылды. Қауіпсіз жерге 40 ауыл шаруашылығы жануары айдалды. ЖАО күшімен кезекшілік ұйымдастырылды.

Қарғалы су қоймасында еріген су ағынының ұлғаюына және Қарғалы өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Ақжар және Садовая тұрғын алаптары ауданында бау-бақша ұжымдарын су басу қаупі туындады. 143 адам, оның ішінде 25 бала эвакуацияланды.

Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ҚМ, ІІМ, ҰҚК, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 16 375 адам, 1 651 бірлік техника, 377 су сору және 81 жүзу құралы, 15 әуе кемесі жұмылдырылды.

ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезінде мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады:

  • құлақтандыру дабылын алған кезде көршілеріңізге ескертіңіздер, мүгедек адамдар мен балаларға көмек көрсетіңіздер, нұсқаулықты қатаң орындаңыздар;
  • киім-кешек, азық-түлік қорын, дәрі-дәрмекті алдын ала дайындаңыздар, құжаттарды су өткізбейтін пакетке салыңыздар;
  • электроэнергия көздерін тоқтан ажыратыңыздар, газды өшіріңіздер, пеште жанып жатқан отты сөндіріңіздер, есік пен терезелерді жабыңыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2080793-qazaqstandagy-su-tasqyny-tzm-qazirgi-zagdaidy-bayandady/