Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су тасқынына байланысты Алматыдан қосымша рейстер шығады

Опубликовано:

Әуеде ұшып бара жатқан ұшақ
Ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау облысындағы су тасқынына байланысты осы бағыттағы сұраныстың артуына орай қосымша рейстерді шығару туралы шешім қабылданды. Бұл туралы әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"9 сәуірде Air Astana әуекомпаниясы Airbus A321 ұшағымен Алматыдан Атырауға және кері KC 8770 және KC 8780 қосымша рейстерін орындайды. Авиалайнердің сыйымдылығы 179 орын, Алматыдан Атырауға ұшып кету уақыты 17.00-де. Кері рейс 21.15-те іске асырылады", - делінген хабарламада.

Әуекомпания өкілдері қосымша рейстерді енгізу туралы шешім Атырау облысындағы су тасқынына орай осы бағыттағы сұраныстың артуына байланысты қабылданғанын атап өтті.

Авиабилеттерді әуекомпанияның сайтынан, Air Astana қосымшасынан немесе Брондау және ақпарат орталығынан сатып алуға болады.

Air Astana-ның баспасөз қызметі табиғи апаттан зардап шеккендерге еріктілер ұйымдарынан ізгілік көмекті тегін тасымалдауға арналған өтініштерді қабылдайтынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2080655-su-tasqynyna-bailanysty-almatydan-qosymsa-reister-sygady/

pixel