Қазақстанның тағы 7 жол учаскесінде су тасыды
Жарияланған күні:
Бүгін Қазақстанның республикалық маңызы бар автожолдарында су тасыды. Оның жалпы ұзындығы – 3130 метр, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" Telegram-дағы ресми арнасында.
Ведомство ақпараты бойынша, биыл 8 сәуірде сағат 12:00-дегі жағдай бойынша, халықаралық және республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан Атырау, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында 7 жол жүру учаскесінде су тасыды.
Су тасқынының жалпы ұзындығы – 3130 метр.
Сондай-ақ 6 облыстағы Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО республикалық маңызы бар 13 автокөлік жолдарында 673 км созылатын жол қозғалысы шектелді.
Қазір республикалық жолдарда 305 техника мен 357 адам жұмылдырылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2080811-qazaqstannyn-tagy-7-zol-ucaskesinde-su-tasydy/