Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы тұрғыны сотта Бишімбаев телефон қолданып отыр деген болжамы үшін айыппұл арқалады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ұялы телефон. Көрнекі сурет
Ұялы телефон. Көрнекі сурет: pixabay.com

Желіде Қуандық Бишімбаев сотта телефон пайдаланып отыруы мүмкін екенін айтып, жазба жариялаған Алматы тұрғынына айыппұл салынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Астана полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін қоғам белсендісі Ислам Угушев Қуандық Instagram желісіндегі парақшасында жазба жариялаған еді. Ол жазбада Қуандық Бишімбаев сот отырысы кезінде телефон қолданып отыруы мүмкін екені айтылған.

"5 сәуір күні видео жарияладым. Ол жерде еліміздің тарихындағы атышулы сот отырысы кезінде Қуандық Бишімбаев телефон қолданып отыруы мүмкін екенін айтқам.

Осы болжам үшін маған 55 мың теңге көлемінде айыппұл салынды", - деп мәлімдеді ол желідегі жазбасында.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында ер адам жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылғаны айтылған.

"Полиция қызметкерлері әлеуметтік желідегі парақшаның авторын анықтады, ол өзінің жазбасында сот процесі барысында айыпталушы Қ. Бишімбаевтың ұялы телефон пайдаланғаны туралы айтқан. Ол жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылды", - делінген Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, 8 сәуірде әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2080898-almaty-turgyny-sotta-bisimbaev-telefon-qoldanyp-otyr-degen-bolzamy-usin-aiyppul-arqalady/