Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешқашан азаптаған емеспін": Бишімбаев тағы да аса қатыгездікпен кісі өлтіру бабы бойынша кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев сотта
Қуандық Бишімбаев сотта. Фото: t.me/Jogargy_sot

Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Ол әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Судья азаптау эпизоды бойынша тараптардан жауап алғаннан кейін айыпталушыдан кінәсін мойындау туралы ұстанымы өзгерген-өзгермегенін сұрады.

"Мен кінәні мойындамаймын, Салтанатты ешқашан бұлай азаптаған емеспін...", - деді Бишімбаев.

Сондай-ақ судья кісі өлтіру эпизодтарына тоқталып, видеожазбаның қаралғанын және кейбір іс материалдары зерттелгенін атап өтті.

"Мен кінәлімін, мен әрқашан... Оның өліміне кінәлімін, өзімді кінәлі сезінемін", - деді ол.

"Үш отырыс барысында мен мұның барлығын эмоциямен және егжей-тегжейлі айтып жатқаныңызды тыңдадым, ұстанымыңызды нақтылаңыз", - деді судья.

"Мен аса қатыгездікпен қасақана кісі өлтіру бойынша кінәні мойындамаймын, бірақ өліміне қатысым барын мойындаймын. Әрекеттерім оның өліміне себеп болды, қатты өкінемін және өзімді кінәлі сезінемін. Бірақ оны аса қатыгездікпен қасақана өлтіргісі келді, оны азаптады дегенмен келісе алмаймын. Иә, ұрдым, бірақ өлтіру мақсатында емес. Салдары осылай болады деп мүлде ойламадым", - деді Бишімбаев.

"Басына және өмірлік маңызды дене мүшелеріне мұндай соққы беріп, "оны өлтіру – мақсатым болмаған" дегенді қалай түсінуге болады?", - деп тағы нақтылап сұрады судья.

"Мен ұрдым, мойындаймын, бірақ шапалақпен тартып жіберу өлімге әкелуі мүмкін деп ойламадым, одан бас-ми жарақатын алуы мүмкін деп ой болған жоқ", - дейді Бишімбаев.

Айта кетейік, 8 сәуірде әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасты.

Бүгінгі сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары оның қойын дәптеріне Нүкенова жазған "қолхатты" оқыды. Бишімбаевты қорғаушылардың бұл айғағы судьяны таңғалдырды.

Сондай-ақ сотта Бишімбаев жедел жәрдем шақырмай, неліктен көріпкелге хабарласқаны, Нүкенованы мейрамханада шашынан сүйрегені туралы сұрақтарға да жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2080931-esqasan-azaptagan-emespin-bisimbaev-asqan-qatigezdikpen-kisi-oltiru-baby-boiynsa-kinasin-moiyndamaitynyn-tagy-da-aitty/

pixel