Алматыда әйелді ұрып-соққан ер адам бейнебақылау камерасына түсіп қалды
Жарияланған күні:
Алматыда ер адамның әйелді ұрып-соққаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Полицейлер бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Әйелдің соққыға жығылғаны бейнеленген видео EGOV.PRESS Telegram-арнасында жарияланды. Жазба авторлары бұл кадрлардың Алматыда түсірілген жазған.
Видеодан креслода отырған әйелді әлдебір ер адамның келіп ұра бастағанын, ал әйелдің бетін қолымен жауып қорғанғанын байқауға болады.
Оқиғаға қатысты қалалық полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді.
"Алматы полиция департаменті қазіргі уақытта Әуезов аудандық ПБ-да сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын, қылмыстық іске қатысы бар тұлғалар полицияға жеткізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалғанын хабарлайды", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081108-almatyda-er-adam-aieldi-soqqyga-zyqqan/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.