Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдан Қарағанды облысы бағытымен әскери техника жүріп өтетіні туралы ақпарат рас па

Жарияланған күні:

Читать на русском
Әскери техника
Әскери техника. Фото: Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты

Биыл 9 сәуірде Алматыдан Қарағанды облысы бағытымен әскери техника өтпек – бұл радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты курсанттарының тәжірибелік сабақтарына байланысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

9 сәуірде Алматыдан Қарағанды облысындағы "Сарышаған" полигоны бағытында әскери техника колоннасы өтеді. Бұл Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты курсанттарымен жоспарлы тәжірибелік сабақтарды өткізу үшін қажет.

Жоғары оқу орнының ақпараты бойынша, жауынгерлік дайындық шаралары аяқталғаннан кейін жеке құрам мен барлық техника тұрақты орналастыру пунктіне қайтарылады.

"Азаматтар мен БАҚ өкілдерін таралып жатқан қауесеттерге сенбеуді және тек ресми ақпаратқа сенім артуды сұраймыз", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бүгінде әскери қызметкерлер тіпті су тасқынынан зардап шеккен аудандарда құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқан ТЖМ қызметшілеріне көмектесуде.

Бұдан бөлек президент су тасқынымен күресуге барлық күшті жұмылдыру міндетін қойған болатын. Сондай-ақ бүгін Солтүстік Қазақстан облысының аумағына Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның мыңға жуық қызметкері де жіберілгені белгілі болды.

Әскери техника
Әскери техника. Фото: Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты

Еске салайық, үкімет басшысы Олжас Бектенов ШҚО-дағы су тасқыны жағдайын тексеріп, ТЖ алдын алу шараларын күшейтуді тапсырған болатын.

Төтенше жағдай Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында сақталатыны мәлімделген.

Сонымен қатар 8 сәуірде су тасқыны салдарынан 60-қа жуық елді мекеннің әлеммен байланысы үзілгені хабарланған болатын. Олар Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында.

Синоптиктер алдағы күндері Ақмола мен Ақтөбе облыстарының өзендерінде су деңгейі көтерілетінін болжап отыр, бұл өңірлерде дауылдық ескерту жарияланған.

Бүдан бөлек, 8 сәуірде Тоқаев апаттан қираған тұрғын үйлерді тез арада қалпына келтіруді тапсырғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081138-askeri-universitet-okilderi-almatydan-qaragandy-oblysy-bagytymen-askeri-texnika-zurip-otetini-zaily-aqparatqa-qatysty-pikir-bildirdi/