Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Су тасқынында көлік қарап жүр ме": автосалонда жүрген атыраулық шенеуніктің басы дауға қалды

Опубликовано:

Toyota орталығында жүрген Атырау әкімдігінің қызметкерлері
Toyota орталығы. Видеодан кадр: instagram.com/rustembayaziev

Әлеуметтік желіде Атырау әкімдігі қызметкерлерінің Toyota көлік сату орталығында жүргені түсірілген видео тарады. Қала әкімдігінің өкілдері жарияланған видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде Атырау әкімдігінің қызметкерлері Toyota маркалы көлік сату орталығында жүргені түсірілген видео тарады. Аталған видео rustembayaziev Instagram парақшасында жарияланған.

Видео авторының айтуынша, қалада су тасқыны болу қаупі барына қарамасатан, әкімдік қызметкерлері қалалық Toyota орталығында көлік қарастырып жүрген. Желі қолданушылары аталған видеоға шүйліккен.

"Бейнежазбадағы Атырау қаласы әкімдігінің қызметкері әкімдік балансындағы Toyota маркалы көліктерін жөндеуден өткізу мақсатында ресми дилерден қосалқы бөлшектердің бағасын біліп, тапсырыс беруге барған", – деп хабарлады қала әкімдігі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081144-atyrauda-avtosalonda-zurgen-akimdik-qyzmetkerleri-videoga-tusip-qaldy-akimdik-okilderi-man-zaidy-tusindirdi-video/

pixel