"Су деңгейі қайта көтеріліп отыр": Оралда адамдар тағы алдын ала эвакуацияланады
Жарияланған күні:
БҚО-да Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты адамдарды алдын ала эвакуациялаудың екінші кезеңі басталды. Бұл туралы үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Премьер-министрдің орынбасары Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, қазір су деңгейі көтеріліп отыр және өзен жағасынан асып кету қаупі бар, сондықтан Жайық жағалауында орналасқан үйлер мен саяжайлар тұрғындары алдын ала эвакуацияланады.
"2024 жылғы 8 сәуірдегі жағдай бойынша өзендегі су деңгейі 703 см-ге жетті және әлі де көтерілуде. Былтырғы максимум 557 см болған. Су Ресей Федерациясы тарапынан тасқынға байланысты Ирикла мен Приузен су қоймаларынан қарқынмен жіберіліп жатыр. Эвакуациялық пункттер азаматтарды қабылдауға дайын", — деді Нұрлан Байбазаров.
Ведомство ақпараты бойынша, Жайық өзенінің жағалауын нығайту және Орал қаласы мен облыстың төрт ауданында дамбалар салу жұмыстары жалғасып жатыр. Атап айтқанда, Даринск, Байқоңыс, Озерный, Володар, Январцево, Ақсу, Рубежинское және т. б. ауылдардың маңында уақытша дамбалар салынады.
Қала басшылығы тұрғындардан әкімдік өкілдері мен еріктілердің нұсқауларын орындауды сұрады.
Толық эвакуациядан кейін қажет болған жағдайда газ, су және электр қуаты өшіріледі. Сондай-ақ жергілікті полиция қызметі мен ТЖД эвакуацияланған аудандардағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081165-su-dengeii-qaita-koterilip-otyr-oralda-adamdar-tagy-aldyn-ala-evakuaciyalanady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.