Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық құтқарушылар су басқан Қостанай өңіріне көмекке аттанды

Жарияланған күні:

Алматы ТЖД қызметкерлері
Алматы ТЖД қызметкерлері. Видеодан кадр: t.me/dchs_alm

Бүгін Алматы ТЖД қызметкерлері топан су басқан Қостанайдағы өңірлердің біріне көмекке аттанды. Бұл туралы Алматы Төтенше жағдайлар департаменті Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство ақпараты бойынша, 8 сәуірде өңірлердегі су тасқыны жағдайына байланысты Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдарының жедел тобы Ұлттық ұланның авиабортымен ұшып кетті. Жедел топқа 56 ТЖД қызметкері кірген.

ТЖД бастығы полковник Нұрлан Атығаев күштер мен құралдардың жеке құрамының дайындығын тексеріп, нұсқама жүргізді.

ТЖД қызметкерлері Қостанайдағы өңірлерді басқан су тасқынымен күресу үшін су тарту құралдарын, қажетті апаттық-құтқару жабдықтарын, арнайы су өткізбейтін костюмдерді, байланыс құралдары мен жүзу құралдарын әуе бортына тиеген.

"Құтқарушылар су басқан өңірдің қаупті учаскелерінде барлық қажетті көмекті көрсетеді. "Жеке құрамға азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша өз борышын мінсіз орындауды тапсырамын", - деді ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев.

Сондай-ақ ведомство мәліметіне сүйенсек, 31 наурызда алматылық құтқарушылар "Ворошилов" су қоймасы бөгетінің жарылуы салдарынан Алматы облысында болған қауіпті жою бойынша, Алматы облысының әріптестеріне көмекке жіберілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081198-almatylyq-qutqarusylar-su-basqan-qostanai-onirine-komekke-attandy/