Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бетондалып, қоршалған": ветеринарлар БҚО-ның су басқан аумақтарындағы мал қорымдары туралы айтты

Опубликовано:

Қой өрісте жайылып жүр
Өрістегі мал. Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан ветеринария басқармасы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде 13 мал қорымы емес, үш мал қорымы су астында қалғанын мәлімдеді. Инфекцияның таралу қаупі жоқ, деп хабарлайды әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің хабарлауынша, ветеринарлық қызмет жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бірлесіп өлген малды жою жұмыстарын бастады.

"Облыстық ветеринария басқармасы басшысының мәліметіне түсініктеме берсем деп едім, бүгінде 13 емес, үш қорымды су басқан, еріген су арқылы сібір жарасы қоздырғыштарының таралу қаупі туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Өйткені олардың барлығы ветеринарлық-санитарлық талаптарға сай: бетондалған және қоршалған. Ешқандай қауіп жоқ", - деп сендірді облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Абзал Бірәлиев.

Ведомствоның мәліметінше, ветеринарлық қызметтер су тасқынынан өлген ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай жою жұмыстарын жүргізуде.

Бұл жағдайға Ауыл шаруашылығы министрлігі де түсініктеме берді. Министрлік сібір жарасы қорымдары мен мал қорымдарындағы эпизоотиялық жағдай тұрақты екенін атап өтті. Сондай-ақ ведомство бұл объектілер жұқпалы емес аурулардан өлген жануарларды жоюға арналғанын ескертті. Яғни, мал қорымдарын су басқан жағдайда да аса қауіпті инфекциялардың пайда болу ықтималдығы жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081279-betondalyp-qorsalgan-veterinarlar-bqo-nyn-su-basqan-aumaqtaryndagy-mal-qorymdary-turaly-aitty/

pixel