jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Маңғыстау облысында көшеде баланың көзінше әйелін ұрып-соққан ер адам ұсталды

Ер адам әйелді ұрып жатыр
Әйелді соққыға жыққан ер адам. Видеодан кадр: instagram.com/112_aktau

Маңғыстаулық полицейлер көшеде баланың көзінше әйелді ұрып-соққан ер адамды ұстады. Бұл туралы Lada.kz хабарлайды.

Ер адамның ойын алаңында әйелді ұрып жатқан видеосы Instagram-дағы парақшалардың бірінде жарияланды.

Полицейлердің мәліметінше, бұл жағдай 7 сәуірде Маңғыстау ауылында болған.

"Құқық бұзушы анықталып, Мұнайлы аудандық полиция бөліміне жеткізілді", - деп хабарлаған облыстық полиция департаменті өкілдері желілік басылым тілшісіне.

Полицейлер отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер бойынша материал сотқа жолданғанын хабарлады.

Маңғыстау облысында көшеде баланың көзінше әйелін ұрып-соққан ер адам ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.