Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында полиция подполковниктері ұсталды: Антикор ақпаратқа пікір білдірді

Опубликовано:

Полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Желіде Жамбыл облысында екі полиция подполковнигі пара алып жатқан жерінде ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл ақпаратқа қатысты Антикор түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желіде есірткі ісі бойынша азаматты жауапқа тартпауы үшін пара алу кезінде Жамбыл облысының екі полиция подполковнигі ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

"Олардың есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласында басшылық қызметтер атқарғаны белгілі болды", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет түсініктеме берді.

"Иә, Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл облысы ІІД Есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі ауданаралық басқармасының бөлім басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын растаймыз.

Ведомство өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайтынын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081420-zambyl-oblysynda-policiya-podpolkovnikteri-ustaldy-antikor-aqparatqa-pikir-bildirdi/

pixel