Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы келді

Опубликовано:

Дамир Ермағамбетов
Дамир Ермағамбетов. Фото: Қостанай облысы ТЖД

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып азаматтық қорғау полковнигі Дамир Мақсұтұлы Ермағамбетов тағайындалды. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады.

ТЖД ақпаратынша, Дамир Ермағамбетов 1978 жылы 26 маусымда Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Федоровка ауылында дүниеге келген.

1998 жылы Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары техникалық училищесін, 2001 жылы Төтенше жағдайлар академиясы Көкшетау техникалық институтын бітірген.

1995 жылдың қыркүйегінен бастап құқық қорғау органдарында қызмет істеп келеді.

Ол Қостанай облысына келгенге дейін Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081447-qostanai-oblysy-totense-zagdailar-departamentine-zana-bassy-keldi/

pixel