Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Адам құлап, мұндай жарақат алмайды": сарапшы Нүкенованың басындағы жарақаттары туралы айтты

Опубликовано:

Салтанат Нүкенова
Салтанат Нүкенова. Фото: facebook.com/saltanat.nukenova

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысында сот-медициналық сарапшы манекеннің көмегімен Салтанат Нүкенованың басындағы көптеген жарақатты көрсетті. Маманның айтуынша, бұл жарақаттар оның өліміне әкеп соқтырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Cот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров марқұм Салтанат Нүкенованың алған жарақаттарын көрсету үшін үш түсті маркерді қолданған. Ол көк түспен қанталаған жерді, қызыл түспен сыртқы зақымды, жасыл түспен жарақатты белгілеген.

Сарапшының тек сырт көзге көрінетін жарақаттарды ғана көрсеткен. Сөзінше, Нүкенованың одан бөлек ішкі гематомалары (қанталап, ісінген жер) мен бас жарақаты болған. Халимназаров бұл жарақаттардың барлығы келіншектің өліміне әкеп соқтырғанын айтты.

"Бұның барлығы өлімге әкелген бір жарақат болып қарастырылады. Есін білетін адам мұндай бас жарақаттарын алмайды. Себебі құлаған жағдайда ол бірден басын қорғайды. Биіктен құлап, басын қорғай алмайтын жағдайлар болады. Мысалы жыраға құлаған кезде болады. Бірақ тегіс жерге құлап, адам мұндай жарақат ала алмайды", - деді сарапшы

Сарапшы Нүкенованың жарақаттарын көрсетуде
Сарапшы Нүкенованың жарақаттарын көрсетуде. Видеодан кадр: You tube/Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты

Сонымен қатар Тахир Халимназаров марқұмның қайтыс болған уақытын қалай анықтағанына қатысты жауап берді.

"Тірі адам жарақат алғанда ағзасы әрекеттенеді. Бір сағат ішінде өзгерістер болмайды. Сол себепті гистологтар қан жасушалары қан арналарынан шығып жатқанын көрмейді. Олар тек бір сағаттан кейін ғана шығады. Бір сағатқа дейін олар таза болып саналады. Қан жасушалары шыққанда белгілі бір кейіпте болады. Өлім болған соң, барлық үдеріс тоқтап қалады. Бұл дегеніміз өлімнің 6-8 сағат бұрын болғанын білдіреді", - деді ол.

Сарапшы Нүкенованың жарақаттарын көрсетуде
Сарапшы Нүкенованың жарақаттарын көрсетуде. Видеодан кадр: Youtube/Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты

"Мына жарақат пен асфиксия белгісі (мойынды қысу) тыныс жетіспеушілігімен қатар болған. Бұл - қалыпты жағдай. Тыныс жетіспеушілігі болған кезде адамның тыныс алуы нашарлап, оны қорылдап жатыр деп ойлауға болады. Бірақ бұл ұйқыда жатқан адамның қорылы емес. Ұйықтап жатқан адамның қалай қорылдайтынын кез келген адам түсінеді. Ал бұл жағдайда оған ауа жетіспеген. Оны тіпті қорыл деуге болмайды. Адам қорылдап емес, сырылдап жатқан", - деді сарапшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081477-adam-qulap-mundai-zaraqat-ala-almaidy-sarapsy-nukenovanyn-basyndagy-zaraqattardy-korsetti/

pixel