Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдегі су тасқыны: "Қазақстан халқына" қорына компаниялардан қанша қаражат түсті

Опубликовано:

Су тасқыны
Су тасқыны. Көрнекі фото: t.me/qr_tjm

"Қазақстан халқына" қорының Қамқоршылық кеңесі су тасқыны салдарынан зардап шеккен еліміздің бірқатар өңірлеріне көмек көрсету мәселесін қарады. Бұл туралы "Қазақстан халқына" қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазақстан халқына" қоры мәліметіне сүйенсек, бұған дейін қор ауылдық жерлерде 200 үй салу үшін 5 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдаған болатын. Табиғи апаттың ауқымы мен оның салдарын ескере отырып, қордың Қамқоршылық кеңесі бұл мақсаттарға 10 млрд теңге бөлуді ұйғарды.

"1-30 сәуір аралығында заңды және жеке тұлғалардан қордың шоттарына түскен барлық қайырымдылық қаражаты зардап шеккендерге үй салуға аударылады. 9 сәуірдегі жағдай бойынша азаматтар мен компаниялардан 970 млн теңге түсті.

Қор қаражаты мен жиналған ақша есебінен 430-дан астам үй салуға болады. Жаңа донорлар белсенді қатысқан жағдайда қор үйлер санын едәуір арттырады деп күтеді", – деп жазылған қор хабарламасында.

Су тасқыны салдарынан қираған тұрғын үйді қалпына келтіру мақсатында "Қазақстан халқына" қоры жанашыр азаматтар мен заңды тұлғаларды қаражат жинауға шақырды.

Қайырымды жандар қордың ресми сайтына өтіп, көрсетілген шоттар мен деректемелер арқылы су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге көмектесе алады.

Қор ақпаратына сәйкес, жеке тұлғалар банктердің мобильді қосымшаларында "қайырымдылық" бөлімінде аударым жасай алады.

"Донорлар мен қайырымдылық мөлшері көрсетілген егжей-тегжейлі есеп, сондай-ақ құрылыс барысы туралы ақпарат Қордың веб-сайтында орналастырылады.

Қор төлеуші ретінде қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Елді мекендерді, құрылыс орнын таңдау және жер учаскелерін беру, құрылыс компаниялары атынан мердігерлерді айқындау жөніндегі жұмыс құрылысқа тапсырыс беруші ретінде әрекет ететін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргізілетін болады", – деп жазады "Қазақстан халқына" қорының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081486-eldegi-su-tasqyny-qazaqstan-xalqyna-qoryna-kompaniyalardan-qansa-qarazat-tusti/

pixel