Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Унитазға құлады": сарапшы Бишімбаевтың жарақаттарға қатысты келтірген нұсқасын жоққа шығарды

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Бүгін Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысында марқұм Салтанат Нүкенованың денесін зерттеген сот-медициналық сарапшыдан жауап алынды. Маман экс-министрдің келіншегі "унитазға құлап, бас жарақаттарын алды" деген сөздеріне қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сот барысында жәбірленуші тараптың қорғаушысы сарапшыдан Салтанат Нүкенованың мұрнындағы жарақатына қатысты сұрақ қойды. Ол аталған жарақат "унитазға құлағаннан пайда болуы мүмкін бе?" деп сұрады.

Бұған дейін Бишімбаевтың өзі Нүкенованың унитазға құлап, жарақат алғанын айтқан болатын. Ол әйелі шалбарын шешпек болған кезде оны тоқтатпақ болып, артынан оны жібере салғанын жеткізді. Сөзінше, сол сәтте Салтанат унитазға басымен соғылып, жерге құлаған.

"Унитаз еденде емес, ол биік тұрған зат. Оған қоса бұл жерде арақашықтық та үлкен емес. Бұндай арақашықтықта құлап, мұндай жарақат ала алмайды. Мұндай ауыр жарақат алу үшін бұл арақашықтық жеткіліксіз. Мұрынның жарықшақтанған сынығы болу үшін адамды унитазға соғу керек. Есін білетін адам бұлай құлайды деген тұжырым қарастырылмайды", - деді сарапшы.

Сонымен қатар Тахир Халимназаровқа "Салтанаттың мас күйі оның құлап, ауыр жарақат алуына әсер етуі мүмкін бе?" деген сұрақ қойылды. Сарапшы марқұмның қанындағы алкоголь мөлшері аса үлкен емес екенін алға тартып, адам мұндай жағдайда өлімге әкелетін жарақат алатындай құламайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081531-unitazga-qulady-sarapsy-bisimbaevtyn-zaraqattarga-qatysty-keltirgen-nusqasyn-zoqqa-sygardy/

pixel