Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ХҚКО, медицина қызметкерлері: Қарағандыда қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Жарияланған күні:

Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қарағандыда заңсыз көші-қон ұйымдастырумен айналысатын қылмыстық топ анықталып, олардың қызметі тоқтатылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қарағанды облысы прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағанды облысы прокуратурасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен бірлесіп, қылмыстық топтың қызметін тоқтатты.

"Қылмыстық схемаға Халыққа қызмет көрсету орталығының, медициналық мекемелердің қызметкерлері және "көмекшілер" деп аталатындар кірген. Ақшалай сыйақылар үшін шетелдіктерге уақытша тұруға 700-ден астам рұқсат заңсыз берілген.

Уақытша тұруға рұқсат алуға өтініш берген кезде тұрғын үй иесінің жеке қатысуы мен келісімі талап етіледі, бірақ шетелдіктерді тіркеу заң талаптарын елемей жүргізілген", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар 2 электрондық-цифрлық қолтаңба заңсыз шығарылып, eQonaq ақпараттық жүйесінде шетел азаматтарының келуін тіркеу туралы 30-дан астам хабарлама беру үшін пайдаланылған.

"Мұның бәрі электронды-цифрлық қолтаңба иелерінен жасырын жасалған. Шетелдіктерді тіркеу бойынша заңсыз схемалар ел аумағына деструктивті тұлғалардың кіруіне мүмкіндік береді", - деді прокуратура өкілдері.

Қадағалау органы бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081630-xqko-medicina-qyzmetkerleri-qaragandyda-zansyz-kosi-qon-uiymdastyrgandar-anyqtaldy/