"Халық дауысы 6.0" жобасы еліміздің үздік шенеунігін халықтың дауысы арқылы анықтайды
Жарияланған күні:
2024 жылғы 10 сәуірден бастап NUR.KZ "Халық дауысы 6.0" жыл сайынғы онлайн-дауыс беруді бастайды. Жоба қорытындысы бойынша ең үздік билік өкілі анықталады. Кез келген қазақстандық олардың мансабын бағалауға мүмкіндік алмақшы. Дауыс беру жүйесі қалай жұмыс істейді? Рейтинг нәтижелеріне неге сену керек? Бұл сұрақтардың жауабын NUR.KZ-тен оқыңыз.
Дауыс беруге қатысу үшін не қажет
Дауыс беруге қатысу үшін NUR.KZ сайтында пайдаланушының белсенді тіркеулік жазбасы немесе расталған телефон нөмірі болуы шарт. Кез-келген қазақстандық тізімдегі үміткердің біріне дауыс бере алады. Белсенді тіркеулік жазбасы жоқ пайдаланушы үміткерге дауыс беру құқығынан айырылады. Сол себептен дауыс беруге қатысу үшін ең алдымен сайтқа тіркеліп, телефон нөміріңізді растаңыз.
Жобаның тағы бір маңызды шарты – қолданушының телефон нөмірі қазақстандық болуы тиіс. Жүйе шетелдік операторлардың нөмірлерін растауға мүмкіндік бермейді.
Аутентификация не үшін қажет
Аутентификация – пайдаланушы деректерінің шынайылығын тексеретін кез-келген жүйенің қауіпсіздік негізі. Нақты өмірде жеке басын куәландыратын құжаттар осы мақсатта қызмет етеді. Ал цифрлық өмірде бұл пошталық мекенжай, телефон нөмірі, ЭЦҚ және тағы басқасы болуы мүмкін.
Аутентификациясыз "Халық дауысы" сайтында өз дауысыңызды қалдыру мүмкін емес.
Бұл тәсіл, ең алдымен, белгілі бір үміткерге дауыс берген және дауыс бермеген пайдаланушыны ажырату үшін қажет. Қатысушы бір номинатқа тек қана бір-ақ рет дауыс бере алады.
Пайдаланушыны браузер жазбасы немесе пошта жәшігі арқылы анықтауға болады. Алайда, "Халық дауысы" үшін бұл опция толықтай қауіпсіздікті және дауыс берудің әділ өтуін қамтамасыз ете алмайды. Тіпті аймақтық немесе мемлекеттік сайлау уақытында манипуляция байқалады. Ұйымдастырушылардың басты міндеті – манипуляция мүмкіндігін азайтып, дауыс беру нәтижелеріне әсер етпейтін деңгейге дейін төмендету.
Егер біз браузер арқылы пайдаланушының идентификациясын қолданатын болсақ, онда қолданушы бір үміткерге бірнеше рет дауыс бере алатын еді. Яғни, браузерді өзгерту немесе тазарту арқылы осындай әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Манипуляциядан толығымен құтылу мүмкін емес. Сондықтан біз оларды техникалық тұрғыдан барынша қиындатуды жөн көрдік.
Нөмірді растау қалайша алаяқтықтан сақтайды?
Нөмірді растау алаяқтықтан қорғауға кепілдік бере алмайды. Бірақ бұл дауыс беру процедурасын әлдеқайда қиындатып, ақылы етеді.
"Халық дауысы" сайты Google-дің reCaptcha механизмін қолданады. Қарапайым пайдаланушы үшін бұл механизмнің жұмысы байқалмайды, бірақ дауыстарды айла-тәсілдер қолдану арқылы жинағысы келетін пайдаланушы үшін бұл күрделі мәселе.
Біз дауыстарды сатуға мүдделі емеспіз. "Халық дауысы" жобасының мақсаты – халықтың шынайы пікірін білу.
Дауыс берушінің анонимділігі қамтамасыз етіле ме?
Жоба екі бөлімнен тұрады: қоғамдық және жеке. Дауыс беру анонимді түрде өтеді. Сондықтан кім қандай үміткерге дауыс бергенін ешкім біле алмайды.
Біз пайдаланушылар бізбен бөлісетін деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз. Бұл деректерге біздің компаниямыздың жоғары басшылығы ғана қол жеткізе алады.
Бір IP-мекенжайындағы оқырман бірнеше жазбадан дауыс бере ала ма?
Әрине, бір IP-мекенжайды бірнеше адам пайдалана алады. Мысалы, компанияның барлық қызметкерлерінде немесе үйдің тұрғындарында бір IP-мекенжай болуы әбден мүмкін.
Егер біз әртүрлі пайдаланушыларға бір IP-мекенжайдан дауыс беруге тыйым салсақ, онда біз дауыс берушілерді дауыс беру құқығанан айырамыз.
Басқа елдің тұрғындары үміткерге дауыс бере ала ма?
Егер де оларда қазақстандық телефон нөмірі болса, олар номинанттарға дауыс бере алады.
Кез келген қазақстандық дауыс беру уақытында шетелде болуы мүмкін. Сол себептен біз оларды дауыс беру мүмкіндігінен айырғымыз келмейді.
Рейтинг қалай есептеледі?
Рейтингтің актуалды формуласы әрдайым сайтта жарияланады. "Рейтинг қалай анықталады?" түймесін басу арқылы сіз есептеу формуласымен таныса аласыз.
"Халық дауысы 6.0" жобасының жаңалықтары туралы толығырақ ақпаратты осы жерде оқи аласыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081660-xalyq-dauysy-60-zobasy-elimizdin-uzdik-seneunigin-xalyqtyn-dauysy-arqyly-anyqtaidy/