Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халық дауысы 6.0" жобасы жаңа маусымда оқырманды немен қуантпақ

Опубликовано:

Дауыс беру
Дауыс беру. Көрнекі сурет: krisanapong detraphiphat / Getty Images

NUR.KZ порталы "Халық дауысы" жобасының алтыншы маусымын бастайды. Кез келген қазақстандық билік өкілінің 2023 жылғы қорытындысы бойынша жұмыс деңгейін бағалай алады. Толығырақ NUR.KZ-тен оқыңыздар.

"Халық дауысы" жобасының алғашқы маусымы 2017 жылы өз жұмысын бастады. Ол жылдары еліміздің медиа кеңістігінде осындай жобалар болмаған. Содан бері жоба көптеген өзгеріске ұшырады. Алты жыл бойы әзірлеушілер оны ыңғайлы, қауіпсіз және ашық ету үшін белсенді жұмыс істесе, ал журналистер тобы дауыс беруді одан да объективті және қызықты ету үшін ат салысты. Биылғы алтыншы маусымның да ұсынар қызығы көп.

"Халық дауысы" жобасының жаңа маусымындағы жаңашылдықтар

Биыл онлайн дауыс беру 8 сәуірден 20 мамырға дейін жалғасады. Алты апта көлемінде халық министірлердің, әкімдердің және мемлекет қайраткерлерінің мансабына баға беру мүмкіндігіне ие болады. Дауыс беру қорытындысы бойынша "Жылдың үздік министрі", "Жылдың үздік әкімі" және "Жылдың үздік мемлекет қайраткері" номинациялары бойынша ең үздік билік өкілдері анықталады. Сондай-ақ осы жылы "Жыл оқиғасы" номинациясы іске қосылмақ. Бұл номинация елімізде 2023 жылы болған маңызды оқиғаларды ұсынады. Мысалы, Arcelormittal Temirtau меншік иесінің ауысуы, Нұрсұлтан Назарбаевтың Елбасы мәртебесінен айырылуы және т.б.

Айта кету керек, "Халық дауысы 6.0" жобасы шенеуніктердің 2023 жылғы қызметін бағалауға бағытталған. Сондықтан тізімде өткен жылы басшылық еткен билік өкілдерінің есімдері ұсынылады.

Жаңа маусымда оқырмандар рейтингке қатысатын шенеуніктерге NUR.KZ Instagram парақшасында өз өтініштерін қалдыру мүмкіндігіне ие болады (@kaznews және @kaz.nurkz).

Өтініш қалдыру үшін үміткердің аты-жөні мен лауазымын, жеке парақшасының хэштегі мен басқаратын бөлімнің Instagram парақшасын көрсетіп, өз сұрағыңызды қою жеткілікті.

Журналистер баспасөз қызметімен байланыс арқылы оқырманның сұрақтарына жауап алуға тырысады. Ол жауаптар дауыс берудің аралық қорытындыларын шығару шеңберінде жарияланады.

Бұл тәсіл қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға көмектеседі.

Әркімнің дауысы маңызды

Мектептегі бағалау оқушыны ең жақсы нәтижеге ұмтылуға итермелейтін, сондай-ақ үлгерімді бақылаудың маңызды құралы екенін бәріміз жақсы білеміз. Дәл сол сияқты, бағалау билік өкілдері үшін де маңызды. Халықтың кері байланысы оларды жақсы жұмыс істеуге, уәделерін орындауға ынталандыруы мүмкін. Жоғарғы билік өкілдері халық үшін қызмет ететінін және қазақстандықтардың мүдделерін қорғау керектігін есте ұстауы керек.

"Халық дауысы 6.0" мақсаты – "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін және билік өкілдерінің халықтың сұраныстарына қаншалықты жедел, тиімді, әрі ашық жауап беретінін көрсету. Дауыс беруге қатысу арқылы әрқайсыңыз өз азаматтық ұстанымдарыңызды көрсете аласыз. Дауыстарыңызды аямай, оң не теріс баға беруіңізді сұраймыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078570-xalyq-dauysy-60-zobasy-zana-mausymda-oqyrmandy-nemen-quantpaq/

pixel