Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда арықтан ағып жатқан көк сұйықтық тұрғындарды таңғалдырды (видео)

Опубликовано:

Алматыдағы арықтан ағып жатқан көк сұйықтық
Арықтағы көк сұйықтық. Видеодан кадр: t.me/egovpress

Желіде Алматыдағы Розыбакиев көшесінің бойындағы арықта белгісіз көк сұйықтық ағып жатқаны түсірілген видео пайда болды. Алматы Экология департаментінің өкілдері видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде арықтан ағып жатқан белгісіз сұйықтықтың видеосы тарап жатыр. Видео сипаттамасында бұл жайт Алматыдағы Розыбакиев көшесінде болғаны жазылған.

Алматы Экология департаментінің өкілдері видеоға қатысты NUR.KZ тілшісіне пікір білдірді.

"Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің қызметкерлері дереу жайт болған жерге келіп жетті, тексеру кезінде ондай дерек тіркелмеген.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, түнгі сағат 10.00-де Төле биден төмен, Райымбек даңғылына қарай Розыбакиев көшесі мекенжайы бойынша небәрі 5-10 минут арық бойымен түсініксіз сұйықтық ағып жатқан", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ ведомство өкілдері мұндай "көк түсті" су 7 сәуірде де анықталғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081726-almatyda-aryqtan-agyp-zatqan-kok-suiyqtyq-zurtty-tangaldyrdy-video/

pixel