"Су басу қаупі бар": Астана маңындағы ауылдың шекарасын нығайту туралы шешім қабылданды
Жарияланған күні:
Бүгін түнде Жедел штабта Астана маңындағы Жібек Жолы ауылының шекарасын нығайту туралы шешім қабылданды. Себебі мұнда су басу қаупі туындауы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі ТЖМ-нің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Осы сәттерде Республикалық жедел штабта 6 және 7 шағын аудандарында су басу қаупі туындауы мүмкін Ақмола облысының Жібек Жолы кентінің шекарасын нығайту туралы шешім қабылданды", - делінген хабарда.
Бұл жерге Қарағанды облысы ТЖД күштері мен құралдары, ҚР ТЖМ 52859 ә/б және ҚР ҰҰ 6636 ә/б жеке құрамы, әкімдік өкілдері мен еріктілер жіберілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081996-su-basu-qaupi-bar-astana-manyndagy-auyldyn-sekarasyn-nygaitu-turaly-sesim-qabyldandy/