Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су тасқыны: республикалық маңызы бар 14 автожолда қозғалыс шектелді

Опубликовано:

Атырау облысындағы су тасқыны
Атырау облысындағы су тасқыны. Видеодан кадр: ТЖМ

Елдегі су тасқынына байланысты алты облыстағы республикалық маңызы бар 14 автожол қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "ҚазАвтоЖолдың" Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"2024 жылғы 10 сәуірдегі сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауарайының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Ақмола, СҚО, Атырау, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3655 метр болатын су тасқыны болды", - делінген хабарламада.

"ҚазАвтоЖол ҰҚ"АҚ мәліметінше, 6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 14 автомобиль жолдарында (ұзындығы 626 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 365 техника мен 701 адам жұмылдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082041-su-tasqyny-respublikalyq-manyzy-bar-14-avtozolda-qozgalys-sekteldi/

pixel