Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайтып келмесем, кек ала бастайды": сотта Салтанат Нүкенованың құрбысымен жазысқан хаты оқылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Салтанат Нүкенова
Салтанат Нүкенова. Фото: instagram.com/aitym

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотта марқұмның құрбысы Аида Ахмединаға жазған хаттары оқылды. Онда Салтанат күйеуі Бишімбаевтан кеткен жағдайда не болатыны туралы жазған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгінгі отырыста Салтанат Нүкенованың құрбысы Аидадан жауап алу жалғасты. Прокурор екі құрбы арасындағы хат алмасуды оқып берді.

Диалог 2023 жылғы 23 сәуірде болған.

Салтанат хатында өзіне адвокат керегін, заттарды алып кете алмағанын жазған. Құрбысы Аида одан алып кетейін бе деп сұраған.

Салтанат Қуандық оны жібермейтінін, өмір сүруге мұрша бермейтінін, айтқанына көнбесе, кек ала бастайтынын жеткізген.

Ол осыған дейін ағасы Айтымға көзі көгергені түсірілген фотоны жібергенін құрбысына айтқан.

"Одан басқа ешкіммін араласпаймын. Әр қадамымды, әр қоңырауды бақылайды... Мен оған "монстрсың" дедім. Бұл махаббат емес... ", - деп жазған Нүкенова.

Салтанат құрбысынан бұл туралы ешкімге айтпауды сұраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082143-qaityp-kelmesem-kek-ala-bastaidy-sotta-saltanat-nukenovanyn-qurbysymen-zazysqan-xaty-oqyldy/